Ел жаңалықтары

Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау мәселесі пысықталуда

  • Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау мәселесі пысықталуда

    Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау мәселесі пысықталуда

Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау мәселесі пысықталуда. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықтың сезімтал топтарын пневмококк инфекциясына және маусымдық тұмауға қарсы вакциналармен иммундауды басымдау жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып, COVID-19 пандемиясы барысында иммундау бағдарламалары үшін негіз қалаушы принцип ретінде министрлік 65 жастан асқан адамдарды республикалық бюджет есебінен вакцинациялау мүмкіндігі туралы мәселені пысықтауда. Қазіргі кезде осы категориядағы адамдар үшін пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаның қосымша көлеміндегі алдын ала қажеттілік анықталды. Бұл ретте, ересектерде иммундық қорғаныс қалыптастыру үшін бір реттік вакцинациялау жеткілікті», - деді министр.

Оның дерегінше, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаның қосымша көлеміндегі қазіргі қажеттісі 998 700 доза, болжамды сома &ndash 9,16 млрд теңге шамасында.

«Пневмококк инфекциясына қарсы көрсетілген тәуекел топтағы адамдарды вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу үшін мынанар қажет: 9,16 млрд теңге қажетті қаржы қаражатын бөлу; 65 жастан асқан адамдарды пнемококк инфекциясына қарсы иммундауға жататын халық топтарына кіргізу бөлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулыға өзгеріс енгізу; пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны сатып алу және жеткізуді іске асыру, ол белгілі бір уақытты (3-тен 9 айға дейін) қажет етеді; халықтың егуге жататын тобын иммундауды ұйымдастыру және жүргізу», - деді ол.

Алексей Цойдың атап өтуінше,. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі бекітілген.

«Бұл тізбеге вакцинациялау кірмеген, осыған байланысты, профилактикалық егулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі. 23-валенттік пневмококк вакцинасы полисахаридтік болып табылады және нұсқаулыққа сәйкес иммундық қорғаныш үшін 3 жылдан кейін ревакцинация жүргізуді талап етеді, ал конъюгацияланған вакцина тек бір рет енгізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанда иммундау мақсатында конъюгацияланған пневмококк вакцинасы қолданылады», - деді министр.




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 22:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31