Ел жаңалықтары

Қазақстанда QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды

  • Қазақстанда QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды

    Қазақстанда QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, зауыт 600 мың доза шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде 100 мың доза (QazVac) Қазақстан өңірлеріне тасымалданып жатыр, оның бір бөлігі өңірлердің біріне әкелінді. Сонымен қатар, қауіпсіздігін тексеру кезеңінде тұрған тағы 600 мың доза бар. Тамызда олар Қазақстанның барлық өңіріне таратылады", - деді Цой онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, ол гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстанға QazVac-тың 25 мың дозасын жіберу туралы шешімге қатысты пікір білдірді.

"Қырғызстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету үшін ел басшылығына өтініш берілді. Гуманитарлық көмекті алушы көрші, бауырлас қырғыз елі. Біздің вакцинаның басқа елдерде қолданылуы - бұл Қазақстанның жетістігі", - деді ол.

Министрдің айтуынша, QazVac вакцинасына деген сұраныс әлдеқайда көп. Қазақстандық вакцинаның осындай сұранысқа ие болуы Жамбыл облысында өндіріс алаңын іске қосудың арқасында.




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 02:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30