Қазақстанда ақпан айының соңына дейін утильдік алымдар бойынша жаңа мөлшерлемелер енгізіледі

20 қаңтар 2022, 16:34

Экология және геология министрлігі еліміздегі утильдік алым бойынша мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 Әзірге Қазақстандықтар утильдік алымды ескі бағада төлейтін болады. Функцияларының операторлары “Жасыл даму “ АҚ-ға берілді. Утильдік алымның коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. 

"Мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетін болады. Жұмыс тобы нәтижелер туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында бөлісетін болады. Аталған уақытқа дейін кәдеге жарату алымы "Жасыл Даму" АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленеді", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Еске салсақ президент Қасым Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы"ЖШС-не утильдік алымды тоқтату және оған иелік ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.