Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

13 желтоқсан 2021, 12:43

Қазгидромет 14-16 желтоқсанға арналған арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төмен температура күтіледі. Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын, Солтүстік-Батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол қысқа мерзімді температураның төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді. 

Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронтальды қызмет аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары мен тұман күтіледі.

Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды, осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады. Мереке күндері Батысқа Скандинавия аймақтарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды — жауын-шашын, мұз күтіледі.