Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны айтылды

08 маусым 2022, 13:04

"Қазгидромет" синоптиктері 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклоны әсерінен республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

"11 маусымға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде құмды дауыл соғады деп болжанған. Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендейтінін қоспағанда, температурада айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Tengrinews.kz