Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда алдағы үш күнде қатты жаңбыр күтіледі

28 шілде 2021, 13:16

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі.

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 29-31 шілдеге ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер ауа температурасы біртіндеп жоғарылайтынын айтты. Алайда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түседі деп болжануда. 

“Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжануда: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градус, солтүстік пен шығыста 23-33 градус, орталықта 25-37 градусқа дейін жылы болады”, – дейді синоптиктер.