Қазақстанда ауа температурасы жоғарылайды

28 қазан 2020, 13:07

Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі 2020 жылғы 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.

 "Ауа-райы, көбінесе жауын-шашынсыз, тек шығыста, ал аптаның басында - республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Осы кезеңде шығыста және оңтүстік шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді", - дейді синоптиктер.