Ел жаңалықтары

Қазақстанда ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға салынған тыйым алынды

  • Қазақстанда ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға салынған тыйым алынды

    Қазақстанда ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға салынған тыйым алынды

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізілді. 

 
Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:

денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және видео түсірілім жүргізуге шектеу салу алып тасталсын;
COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын  науқастардан материал алу және тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтау тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын: "COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын  науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу";
Cондай-ақ, бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді. 

Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 11:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31