Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін тапсырыспен дайындайтын болады

21 қазан 2019, 19:04

«777МММ» немесе «111ССС». Қазақстандықтар осы тәрізді символдардан тұратын автокөлік нөмірлерін таңдап қана қоймай, сонымен қатар тапсырыс бере алады. ІІМ жүргізушілердің қалауына байланысты осындай шешім шығарды. Аталған өзгеріс 23 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бүгінде мұндай мемлекеттік нөмірлерді тек бар болған жағдайда ғана алуға болады. Ал 23 қазаннан бастап жүргізушілерге көлік нөмірлерін өз қалауына қарай таңдап, тапсырыс беруіне рұқсат етіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар» арнасына сілтеме жасап.

«Егер сіз жоғары сұранысқа ие әріптер комбинациясын, яғни бірдей үш әріпті таңдасаңыз, сандарды өз қалауыңызға қарай таңдауға құқығыңыз бар. Бұл азаматтарға мемелкеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, оңтайландыру бойынша жоспарлық жұмыс болып отыр», - дейді ІІМ-нің әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Юрий Козлов.

ІІМ-дегілердің сөзінше, әріптер комбинациясын таңдау еркі берілгенімен, бейәдеп сөздердің құрастырылуына жол берілмейді.

Сонымен қатар «әдемі» нөмірлердің бағасы да өспейді, дейді. Оған қоса, көлікті сатқан жағдайда, иесі тіркеу белгісін жарты жылға дейін өзінде қалдыра алады. Яғни тіркеу белгісін сақтау мерзімі 30 күннен 6 айға дейін ұзартылған.

«Мұнда бір нәрсені түсіндіріп өтсем, егер 30 күнге дейін жаңа көлікке бұрын тіркелген мемлекеттік нөмірді қойғыңыз келсе, ол тегін беріледі. Мемлекеттік баж төлемейсіз», - дейді Юрий Козлов.