Ел жаңалықтары

Қазақстанда автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін тапсырыспен дайындайтын болады

  • Қазақстанда автокөліктердің

    Қазақстанда автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін тапсырыспен дайындайтын болады

«777МММ» немесе «111ССС». Қазақстандықтар осы тәрізді символдардан тұратын автокөлік нөмірлерін таңдап қана қоймай, сонымен қатар тапсырыс бере алады. ІІМ жүргізушілердің қалауына байланысты осындай шешім шығарды. Аталған өзгеріс 23 қазаннан бастап күшіне енеді.


Бүгінде мұндай мемлекеттік нөмірлерді тек бар болған жағдайда ғана алуға болады. Ал 23 қазаннан бастап жүргізушілерге көлік нөмірлерін өз қалауына қарай таңдап, тапсырыс беруіне рұқсат етіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар» арнасына сілтеме жасап.


«Егер сіз жоғары сұранысқа ие әріптер комбинациясын, яғни бірдей үш әріпті таңдасаңыз, сандарды өз қалауыңызға қарай таңдауға құқығыңыз бар. Бұл азаматтарға мемелкеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, оңтайландыру бойынша жоспарлық жұмыс болып отыр», - дейді ІІМ-нің әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Юрий Козлов.


ІІМ-дегілердің сөзінше, әріптер комбинациясын таңдау еркі берілгенімен, бейәдеп сөздердің құрастырылуына жол берілмейді.


Сонымен қатар «әдемі» нөмірлердің бағасы да өспейді, дейді. Оған қоса, көлікті сатқан жағдайда, иесі тіркеу белгісін жарты жылға дейін өзінде қалдыра алады. Яғни тіркеу белгісін сақтау мерзімі 30 күннен 6 айға дейін ұзартылған.


«Мұнда бір нәрсені түсіндіріп өтсем, егер 30 күнге дейін жаңа көлікке бұрын тіркелген мемлекеттік нөмірді қойғыңыз келсе, ол тегін беріледі. Мемлекеттік баж төлемейсіз», - дейді Юрий Козлов.




Көрілген: 271    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 19:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30