Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда балабақшалар ашылады: Олар қандай балаларды қабылдамақ

14 тамыз 2020, 13:18

Қазақстанда балабақшалар өз қызметін бастайды. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Карантин шараларын жеңілдету барысында кезекші сыныптар ашылып, барлық санитарлық талаптарға сай балабақшалар жұмыстарын жалғастырмақ.

 

"Мектепке дейінгі мекемелерде талаптарды күшейттік. Арнайы талаптар енгізіп, бір балаға қанша шаршы метрден қарастырылуы керек екенін түсіндірдік. Тек режим сақталған жағдайда ғана рұқсат береміз. Тіпті алып келіп, алып кететін ата-аналардың өзіне талап қойылатын болады", - дейді Есмағмбетова.

Сонымен қатар, балабақшалардағы талаптар күшейтіліп, балалардың денсаулығын қамтамассыз ету үшін барлық жағдай жасалмақ. Балаларды бақшаға қабылдау кезінде ата-анасының жұмыс істейтін, істемейтінін қадағаланбайтынын айтты ол.

"Балабақшалардағы кезекші сыныптар бойынша ата-аналары жұмыс істейтін немесе ата-аналары жұмыс жасамайтын балалар деп бөлмейміз. Бұл балабақша басшыларының құзіретінде болмақ", - дейді Есмағамбетова.