Ел жаңалықтары

Қазақстанда балалардың қайда екенін бақылауға болатын жүйе іске қосылмақ

  • Қазақстанда балалардың қайда екенін бақылауға болатын жүйе іске қосылмақ

    Қазақстанда балалардың қайда екенін бақылауға болатын жүйе іске қосылмақ

Қазақстанда балалардың қайда кеткенін бақылап отыруға болатын жаңа жүйе әзірленбекші. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз осы жылы іске асырылатын пилоттық жобалар жайлы айтқым келеді. Бұл балалардың қауіпсіздігіне арналған "Мені тап" бағдарламасы болмақ. Аталмыш жүйе арқылы балалардың қайда екенін бақылауға болады", - дейді Ораз. 

Сөзінше, бұл бағдарлама Bluetooth желісі арқылы жұмыс істейді екен. 

"Мобильді қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерлерді оқушының киіміне немесе сөмкесіне жапсырып қоюға болады. Егер бала жоғалып кетсе, ата-аналар мобильді қосымша арқылы трекерді іздей бастайды", - деп қосты министрлік өкілі. 

Бұға қоса, ол бағдарламаның жедел басқару орталығымен байланыста болатынын және баланың жоғалғаны туралы хабар дереу полицияға жолданатынын атап өтті. 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31