Ел жаңалықтары

Қазақстанда бір адамның атына 51 мың телефон нөмірі тіркелген

  • Қазақстанда бір адамның атына 51 мың телефон нөмірі тіркелген

    Қазақстанда бір адамның атына 51 мың телефон нөмірі тіркелген

Қазақстанда бір адамның атына 51 мың телефон нөмірдің тіркелгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бір әйелдің атына 51 мың нөмірдің тіркелгені анықталды. Тиісінше ол ұялы байланыс кеңселерінің біріне барады да, сол 51 мың нөмірдің иесі ретінде операторға ол нөмірдің барлығын өшіріп, тек біреуін қалдырғысы келетіні жайлы өтініш жазады. Ал 51 мың нөмірдің ішіндегі бірталайын басқа адамдар пайдаланды ғой. Тиісінше, ол нөмірлердің барлығы да өшеді. Ал 51 мың нөмірі бар болып шыққан әйел сияқты басқа да қазақстандықтар болуы мүмкін», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярощенко министрлікте тілшілердің сұрағына берген жауабында.


Виталий Ярощенконың айтуынша, нөмірді тіркеп, ұялы телефонға бекітіп алуға қазақстандықтарға былтыр жыл бойы уақыт берілген.


«Дәл осындай жаппай өшіру осы жылдың 1 қаңтар мен сәуір айларында болды. Телефон байланысы қашан реттеліді деген сұрақты операторларға қою керек. Менің білуімше, байланыс құралдарында ақаулық жоқ», - деді ол.


Қазір байланыссыз қалған абоненттерге комитет төрағасы операторларға жүгінуге кеңес берді.


«Дәл осы мәселені сауал хат жолдадық. Әзірге жауап келген жоқ. Жалпы, ұялы байланыс операторлары дұрыс тіркелмеген нөмірлерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетуді тоқтатуы керек болатын. Әлбетте, заңнама нормаларын орындамағаны үшін оларға шара қолданылады», - деді ол.


Еске сала кетсек, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярощенко ұялы байланыс қызметінің үзілу себебін атаған болатын.




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 19:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30