Қазақстанда бір тәулікте 28 адам коронавирустан қайтыс болды

20 қазан 2021, 10:33

18 қазан күні Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

ПТР оң талдауымен (CVI +) 18 адам коронавирустан қайтыс болды. Тағы 10 қайтыс болған науқаста COVID-19 белгілері бар пневмония болды, бірақ ПТР сынағы теріс (CVI-).

18 қазанда дәрігерлер пневмониямен ауыратын тағы 154 науқасты анықтады.

20 қазандағы мәлімет бойынша, 51 569 адам коронавирус инфекциясынан (–45 143 + және 6 426 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 848 пациент стационарда, 42 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 633 адамның жағдайы ауыр,
• 170 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.