Ел жаңалықтары

Қазақстанда бір тәулікте 8 адам улы газбен уланып, 2 адам жылыту қазандығының жарылуынан жарақат алды

  • Қазақстанда бір тәулікте 8 адам улы газбен уланып, 2 адам жылыту қазандығының жарылуынан жарақат алды

    Қазақстанда бір тәулікте 8 адам улы газбен уланып, 2 адам жылыту қазандығының жарылуынан жарақат алды

Пешті пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан бір тәулікте газбен уланған 5 адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Өткен тәулікте республика аумағында жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен 8 адам улы газбен уланып, 2 адам жылыту қазандығының жарылуынан түрлі жарақат алды.


"​Мәселен, Алматы қ, Алатау ауданындағы Шаңырақ-1 ш.а. жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пешінен газдың шығуы салдарынан 2016, 2017, 2020 жылы туған балалар уланып, ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықта. ​Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың улы газбен улануының 2 жағдайы тіркелді. Аягөз ауданы Аягөз қаласында бір қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйдің № 3 пәтерінде қатты отынмен жылытатын пешпен жылытудың ақаулығынан 1952 жылы туған ер адам мен 1955 жылы туған әйел адам улы газбен уланған. Ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға күйеден тазартылмаған мұржаның салдарынан болды", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігі орын алған бірнеше мәселелерді түсіндіріп, бір күннің ішінде орын алған бұл көрсеткіш көз қуантпайтынын айтты.

"​Екінші жағдай Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласында орын алды. Бір қабатты бес пәтерлі тұрғын үйдің №5 пәтерінде қатты отынмен жылытылатын пеш ақаулығы салдарынан 1976 жылы туған үй иесі улы газбен уланып қалды. Ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Ақаулықтың себебі &ndash тазаланбаған түтін. Тағы бір оқиға Ақтөбеде тіркелді. "АЗФ-9" саяжай ұжымында 2007 және 2011 жылы туған балалар қатты отынмен жылытатын пешпен жылытудың жарамсыздығынан саяжай тұрғын үйінде улы газбен уланған. Орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға күйеден тазартылмаған мұржаның салдарынан болды", - дейді министрлік.

Сонымен қатар, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде жеке тұрғын үйде жылыту қазандығының жарылуы орын алды, содан кейін қатты отынмен жылыту пеші мен жалпы ауданы 2 ш.м. үйдің қабырғалары ішінара қирады, жану болған жоқ. Күйік пен жарақатпен 1963 жылы туған қожайын мен 1985 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды. Жарылыстың алдын - ала себебі-қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану ережелерін бұзушылық. Қазандықта су болмаған.




Көрілген: 225    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31