Қазгидромет синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклон Қазақстанның батыс өңіріне әсер етеді, содан кейін шығыс бағытқа және елдің қалған аумағына ауысады. Соның әсерінен жаңбыр жауады.
"25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауады. Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.