Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда депуттардың біліктілігін арттыруға 647 миллион теңге бөлінуі мүмкін

03 ақпан 2021, 23:05

Қазақстанда мәслихат депутаттары біліктілігін арттыру құқығына ие болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынды.

 Құжатты депуттарға Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев таныстырды. Осы орайда депутат Айгүл Нұркина заң аясында мәслихат депутаттарына жаңа құқық берілетінін атап өтіп, министрге сұрақ қойды. 

«Енді мәслихат депутаттарын тиісті бюджет қаражаты есебінен даярлау, қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға құқық беріледі. Уәкілетті органның мәліметінше, бұл мақсатқа шамамен 647 млн теңге бөлінеді. Алайда заң жобасында осы норманың қалай іске асырылатыны туралы тетік жоқ. Мысалы, оны кім, қандай форматта, қандай жиілікпен жүргізеді?», &ndash деді. Әсет Ирғалиев заңдағы норма мәслихат депутаттарын 5 жылда бір рет оқуға жіберуді көздейтінін жеткізді. 

Алғашқы 2 жылда оқыту ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филлиаларында жүргізіледі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бұл жауапқа көңілі толған жоқ. 

«Заң жобасындағы даярлау мен қайта даярлау дегеніміз не? Қайтадан диплом бересіздер ме? 647 млн теңгені де береміз деп отырсыздар? Заңға даярлау мен қайта даярлау нормасын не үшін жаздыңыздар? Бұл нені білдіреді?», &ndash  деп сұрады.

 Ұлттық экономика мнистрі бұл қаржы мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға жұмсалатынын айтты. 
«Үшінші рет сұраймын. «Даярлау және қайта даярлау» деген нені білдіреді? Академиялық бағдарлама, білім алу... Диплом ала ма? Бұл жастардың сүйікті тәсілі шығар. Олар бір жыл ішінде 5 диплом алып жүреді. Енді осыны заң жобасына (норма) жазып қойыпсыздар. Не істегендеріңізді түсінбей отырсыздар!», &ndash деді Мәжіліс төрағасы. 

Сондай-ақ ол  «кәсіби біліктілікті арттыруды» да дұрыс ұйымдастыру керегін де атап өтті. Ұлттық экономика министрі депутаттардың ұсынысын қолдайтынын айтты. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.