Ел жаңалықтары

Қазақстанда екпе салынбаған балалардың ем-домын ақылы ету ұсынылды

  • Қазақстанда екпе салынбаған балалардың ем-домын ақылы ету ұсынылды

    Қазақстанда екпе салынбаған балалардың ем-домын ақылы ету ұсынылды

Қазақстанда екпе салынбаған балаларды емдеуді ақылы ету ұсынылды. Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова бүгінгі таңда аталған ұсыныстың талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.


Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Людмила Бюрабекова екпеден бас тартқан ата-аналарды жазаламау үшін, басқа норманы қарастыру көзделіп отырғанын айтты. Егер бала ата-анасы екпе салдырмаған аурумен ауырып қалса, оның емі ақылы болады, дейді ол.


Комитет төрайымы бүгінгі таңда аталған ұсыныстың талқыланып жатқанын айтты.


Ал еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ұсыныстардың министрлік қана емес, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардан да түсіп жатқанын жеткізді.


«Бұл тек кодекстің жобасы. Соңғы сөзді депутаттар айтады. Осындай ұсынысты қарастырып жатырмыз. Тек министрліктен емес, ата-аналардың өзінен, қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар түсуде. Біз оларды реттеп, қарастыруға енгізіп жатырмыз», - бас санитар дәрігер.


Айта кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин елімізде екпе салынбаған балаларды балабақша мен мектепке қабылдамауы мүмкін екенін айтқан еді. Өз сөзінде Бекшин вакцинацияға қатысты жаңа ережелер биылғы жылдың желтоқсан айына дейін енгізілетінін атап өтті. Айтуынша, заң жобасында екпе салынбаған балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымы, мектепке баруына тыйым салу туралы ұсыныс бар. Сондай-ақ, ол балалардың вакцинацияға деген құқығын бұзған ата-аналарға айыппұл салу туралы да ұсынылып отырғанын жеткізді.




Көрілген: 733    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 22:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 10:32
    "Хан Шатыр" жанып кетті
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31