Ел жаңалықтары

Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық белгілі болды

  • Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық белгілі болды

    Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық белгілі болды

Қазақстанда ең көп таралған мамандық – мектеп мұғалімі. Елдегі әр жиырмасыншы жалдамалы қызметкер орта білім беретін мекемелерде жұмыс істейді. Қазақстан мектептерінде балалар мен жасөспірімдерді 352,2 мың мұғалім оқытады, деп хабарлады Finprom.kz.


Екінші орында бухгалтерлер, Қазақстанда олардың саны – 268,2 мың адам немесе әрбір 25-ші қызметкер.


Үшінші орында супервайзерлер, дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері. Олардың саны – 256 мың адам.


Халық жаппай игерген 10 мамандық қатарына жатады: жеңіл көлік, такси және фургон жүргізушілері - 236,6 мың адам, күзетшілер – 219,7 мың адам, кеңсе қызметкерлері – 139 мың адам, орта буынды медицина қызметкерлері – 128,8 мың адам, балабақша тәрбиешілері – 119,2 мың адам, ауыл және орман шаруашылығы, балық аулау саласында істейтін жұмысшылар – 113,4 мың адам, жүк көлігі жүргізушілері – 105,6 мың адам.


Айта кетсек, биыл Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны – 8,8 миллион адам. 15 жастан асқан азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейі - 66,7%.


Олардың көпшілігі жалдамалы қызметкерлер - 76,1% немесе 6,7 миллион адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 23,9% немесе 2,1 миллион адам.


sputniknews.kz




Көрілген: 1264    Пікірлер: 0

жұма, 23.08.2019, 18:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31