Ел жаңалықтары

Қазақстанда фильмдерді қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі

  • Қазақстанда фильмдерді қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі

    Қазақстанда фильмдерді қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі

Мәдениет және спорт министрлігі "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің баспасөз қызметі заң жобасына түзетулер енгізу міндетті дубляж немесе фильмнің қазақ тіліндегі түпнұсқасын талап етуге бағытталғанын атап өтті.

 
Сондай-ақ сөздердің орфографиялық нормалары мен тәртібінің сақталуын, олардың дұрыс құрастырылуы мен айтылуын қамтамасыз ету үшін тиісті нормалар қабылданды.

"Қазір мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы 10-нан астам отырыс өткізді. Онда кинематографияның кинокомиссиясын құру, фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды", - делінген ақпаратта.

Министрлік ақпаратына сәйкес, қазір қазақ тілінде 35-тен астам фильм прокатқа шығып, демеушілер 1,4 миллиард теңге бөлді.

Заң жобасы үкіметте биыл қазанда қаралады. Содан кейін ол желтоқсанда парламент мәжілісінің қарауына жіберіледі. Заңды қабылдау 2022 жылға жоспарланған.




Көрілген: 856    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 22:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31