Қазақстанда жаңа агенттік құрылады
Қазақстанда жеке мәліметтерді қорғау агенттігі құрылады. Бұл туралы үкіметте өткен брифинг барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта кибер қауіпсіздік мәселесі өте өзекті. Ал азаматтардың мәліметтерін қорғау – мемлекеттің міндеті.
Вице-министр жаңа агенттікті ақпарат қауіпсіздігі комитетінің базасында құру жоспарланып отырғанын айтты.
"Ол азаматтардың ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мәліметтерді сақтау жұмысын жетілдіреді", - деді вице-министр.