Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

04 сәуір 2022, 18:16

Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі Судья және сот қызметкері күнімен толықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған 2022 жылғы 31 наурыздағы тиісті қаулы үкімет басшысының сайтында жарияланды.

 

«Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі: «24 маусым – Судья және сот қызметкері күнімен» толықтырылды. Ол жыл сайын республикада 24 маусымда атап өтіледі», деп жазылған құжатта.

 

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.