Ел жаңалықтары

Қазақстанда жануарларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина жасау жоспарлануда

  • Қазақстанда жануарларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина жасау жоспарлануда

    Қазақстанда жануарларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина жасау жоспарлануда

Қазақстанда ғалымдар жануарларға арналған COVID-19 вакцинасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство басшысы қазақстандық ғалымдар вакциналарды бес платформа бойынша дайындап жатқанын еске салды.

 
"Векторлық вакциналар бойынша біз клиникалық сынақтарға жеттік, бізде тірі вакцина дайындалуда, суббірлікті вакцина бар. Ол бойынша клиникаға дейінгі сынақтарды аяқтадық, клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат күтеміз. Сонымен қатар, біздің ғалымдар жануарларға арналған вакциналарды әзірлеуді жоспарлап отыр", - деді Аймағамбетов.

Министр барлық процестер бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатқанын, мәселелер жоқ екенін атап өтті.

"(QazVac вакцинасы бойынша) әріптестеріміз әзірлеуі, шығаруы тиіс 50 мың доза бойынша жұмыс істеді. Қазір биологиялық бақылау аяқталуда. Осы кестеге сәйкес сәуір айының соңында, 20-нан кейін, құжаттарды денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз деп ойлаймыз. Олар нәтижелерді талдап, одан әрі шешім қабылдайды", – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазір ғалымдар коронавирустың "британиялық", "Оңтүстік Африкалық" штамдарын зерттеп жатыр.

Еске сала кетейік, жануарларға арналған әлемдегі алғашқы COVID-19 қарсы "Карнивак-Ков" вакцинасы Ресей Федерациясында тіркелген. Карнивак вакцинасын Россельхознадзор ғалымдары жасаған. 




Көрілген: 168    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 15:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31