Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру мүмкіндігінің саны шектелмек

10 желтоқсан 2021, 00:56

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру әрекеттерінің саны шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев мәлім етті.

"Қазір шектеу қойып жатқан жоқпыз. Бірақ, емтихан тапсырушылар жауапкершілікпен дайындалуы керек деп есептейміз. Алты, жеті рет келіп, тапсыра алмайтындар бар. Оларға “Бірінші үйреніп, содан кейін ғана келіңіз” деп қана ескерту жасай аламыз. Бірақ емтихан тапсыруына шектеу қоя алмаймыз.  Сондықтан алдағы уақытта емтихан тапсыру мүмкіндігін азайту қажет", - деді Бақтияр Мұхаметқалиев.