Ел жаңалықтары

Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендерді қылмыстық жауапқа тартпақ

  • Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендерді қылмыстық жауапқа тартпақ

    Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендерді қылмыстық жауапқа тартпақ



Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендерді қылмыстық жауапқа тарту керек. Бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.


Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендерді қылмыстық жауапқа тартпақ


«Көлік жүргізу құқынан айырылған кейбір жүргізушілер заңға бағынбай жатады. Сондықтан құжатсыз көлік тізгіндейтіндерге жазаны күшейтуді ұсынамын. Бұл жолдағы қауіпсіздікті арттырады», - дейді Тұрғымбаев. 


Бүгінгі таңда жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілер көлік тізгіндеген жағдайда, 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Ендігі бұл сома 50 мың теңгеге дейін жетуі ықтимал. Себебі елімізде жол ережесін ескермей, көлікті құжатсыз жүргізетіндер көбейіпті. Олардың дені рөлге мас күйінде отыратын көрінеді. Осы себепті ішімдік ішкен күйінде екінші рет көлік тізгіндегендерге қатысты жазаны да күшейту ұсынылуда. Министр мұндай жүргізушілерді қылмыстық жазаға тарту керектігін айтты. 


Сонымен қатар ІІМ орташа жылдамдықтан асырған жүргізушілерге жауапкершілік енгізуді ұсынды.


 



 

 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 23:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31