Қазақстанда жыл басынан бері жаңа көліктер қанша қымбаттады

05 мамыр 2022, 14:49

2022 жылдың алғашқы айлары еліміздегі Қантар оқиғасы және Ресей-Украина қақтығысы секілді ірі оқиғалармен есте қалды. Теңгенің құнсыздануы және геосаяси жағдай жаңа көлік құнына әсер етпей қоймады. Автосалондар наурыздан бастап баға тізімін жаңарта бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Kolesa.kz басылымына сілтеме жасап.

 
Hyundai

Ақпанның соңында теңгенің долларға шаққандағы бағамы күрт түскен кезде Hyundai тек Accent-тің бағасын көтерді. Қаңтарда олар 6,4–7,5 млн теңгеге сатылса, наурыздың басында 1,4 литрлік моторы мен механика қорабы бар ең арзан нұсқасы 7,1 (+10.9 %) млн теңгеге бағаланды. Ал ең қымбат жиынтықтағы Elegance (1,6 литрлік мотор мен автомат) 8,2 млн теңге (+9,3 %) болды.

Өзге модельдер кейінірек қымбаттады. Мысалы, Elantra-ның бағасы 8,4–12,2 млн теңгеден 9,2–13,5 млн теңгеге жетті. Наурызда ең көп сатылған Hyundai Sonata-ның ең арзан нұсқасы миллион теңге, ал қымбат нұсқасы 1,4 млн теңгеге қымбаттады.

Hyundai көліктерінің құны модельге байланысты 800 мыңнан 1,8 млн теңге аралығында артты. Creta-ның бағасы ғана өзгерген жоқ. Екінші буындағы кроссовер 9,1–13,1 млн теңге аралығында сатылады.

Chevrolet

Марканың ең танымал екі моделі Cobalt пен Nexia-ның ең арзан жиынтығы 1 млн және 900 мың теңге, ал үздік комплектациясы 800 мың және 1,1 млн теңгеге қымбаттады. Яғни, сәуірдің соңында Cobalt 6,5–7 миллионға, ал Nexia 6,2–6,7 млн теңгеге сатыла бастады.

Tracker кроссоверінің базалық нұсқасы бірден 1.4 миллионға қымбаттап, 10.7 млн теңгеге бағаланады. Ал қымбат нұсқасының бағасы 1.2 млн теңгеге өсіп, 11 миллионға жетті. Алматылық полицейлер мініп жүрген Equinox кроссовері жыл басынан бері 300 мың теңгеге ғана қымбаттады (16 миллионнан 16.3 миллионға).

Ал Tahoe мен Trailblazer-дің бағасы өзгерген жоқ. Екі машина да бір жиынтықта ғана сатылады, бағасы — сәйкесінше 31,9 және 16,5 млн теңге.

Kia

Kia-ның барлық моделі қымбаттады. Машинаға балйанысты баға 500 мыңнан 2.2 млн теңгеге дейін өсті. Мысалы: Rio седанының үздік Premium нұсқасы 8,9 миллионнан, 10,2 млн теңгеге жетті (+14,6 %). Ал бұған дейін 11,7 млн болған Cerato-ның Premium жиынтығы 12,7 млн теңгеге (+ 8.54 %) сатылып жатыр.

Ал Kia Sorento кроссоверінің үздік нұсқасы 20,4 млн теңгеден 22,6 млн теңгеге қымбаттады (+10,8 %).

Мамырда Kia Sportage де қымбаттауды мүмкін. Модель буын алмастырды. 2022 жылы ақпанда кроссовердің бағасы 13,1 миллионнан 14,9 миллионға өсті. Жаңа буынның бағасы әлі жарияланған жоқ, бірақ жаңа «Спортейдж» Hyundai Tucson-нан қымбат болуы мүмкін. Ол қазір 12–17,3 млн теңгеге сатылып жатыр.

Lada

Қостанайдағы зауытта құрастырылған АВТОВАЗ өнімдерінің құны да шарықтады. Қаңтарда 3,7 млн теңгеден сатылған Lada Granta седанының арзанын қазір 4,7 миллионға аласыз. Яғни бағасы жыл басындағыдан млн теңгеге өсіп кетті.

Төрт есікті Vesta-ның ең арзан комплектациясы қазір 5,8 млн емес, 6,2 млн теңгеге (+6,9 %) сатылады. Вариатор қорабы бар Comfort жиынтығы 7,4 млн теңгеден 8,4 млн теңгеге (+13,5 %) қымбаттады. Бірақ қазір мұндай машина қалмады. Дилерде механикалық қорабы бар «Веста» ғана бар.

Niva Travel-дің арзан комплектациясы да, қымбат комплектациясы да 300 мың теңгеге ғана қымбаттады, ал Comfort нұсқасы қазір 7 160 000 емес, 7 190 000 теңге тұрады.

Toyota

Жапон маркасы да қымбаттап жатыр. Land Cruiser 300 GR Sport пен «Люкс» жиынтықтағы LC Prado-ның құны бірден 6,8 млн (+13,4 %) және 7,5 млн теңгеге (+20,8 %) шарықтап кетті. Қымбат прадик қазір 36 млн емес, 43,5 млн теңге тұрады. Биыл қаңтарда 3,5 литрлік турбомотор қойылған ең қарапайым LC 300 де осындай бағаға сатылған. Бұл қосымша опциялар үшін төленетін ақшаны қоспағандағы баға.

«Стандарт» жиынтығындағы Toyota Camry (2 литрлік мотор мен вариатор қорап) 12,6 миллионнан 14,9 млн теңгеге (+18,2 %) қымбаттады. 2,5 литрлік моторы бар көліктің бағасы сәуірде 17,1 млн теңгеге (+17,9 %) жетті. Жыл басында олар 14,5 миллионға бағаланған. Ал 3,5 литрлік V6 қойылған «Люкс» нұсқасы қазір 21.6 млн емес, 25,5 млн теңгеге (+18,1 %) сатылады.

Байқағаныңыздай жыл басынан бері кей модельдің бағсы өзгерген жоқ, ал кейбірінің құны 20 %-дан аса өсіп кетті. Біз қосымша опциялар үшін төленетін ақшаны қоспағандағы ресми баға туралы айтып отырмыз. 2022 жылы бұл бағытта біршама оң шешім шықты. Мысалы, бұған дейін Astana Motors Hyundai автосалондары машинаға опция қосып сатпайтынын жариялаған. Ал жақында Lada салондары да осындай мәлімдеме жасады.