Қазақстанда жыл сайын жол апатынан 2 мыңнан аса адам қаза болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жыл сайын 13 мыңнан аса жол апаты болып, 2 мыңнан аса адам қаза тауып, 18 мыңнан астамы жарақат алады", - деді Ахметжанов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, соңғы төрт жылда жазатайым оқиғалар азайған.
"Жол апаты пандемия кезінде айтарлықтай төмендеді. Бірақ әлі күнге дейін Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Түркістан облыстарында апаттардың жоғары деңгейі сақталып тұр", - деп қосты министр.