Ел жаңалықтары

Қазақстанда қалалардың бірі карантинге жабылғаны туралы ақпарат тарап жатыр

  • Қазақстанда қалалардың бірі карантинге жабылғаны туралы ақпарат тарап жатыр

    Қазақстанда қалалардың бірі карантинге жабылғаны туралы ақпарат тарап жатыр

Түркістан әкімдігі қала "жасыл" аймақта тұрғанын, сондықтан карантинге жабу туралы әңгіме болуы мүмкін емес екенін атап өтті

Қазақстандықтар мессенджерлерде бір-біріне Түркістанның карантинге жабылғаны туралы хабарлама жіберіп жатыр, қалалық әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"WhatsApp желісінде аудиожазба түрінде тарап жатқан "Түркістан қаласы карантинге байланысты жабылды" деген ақпараттың жалған екендігін хабарлаймыз. Соңғы статистикаға сәйкес, Түркістан қаласы жасыл аймақта. Қала азаматтарынан қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтап, медициналық бетперде тағып жүруін сұраймыз", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Айта кетейік, Түркістан облысында шектеу іс-шаралары жалғасып жатыр.  Өңірде бұқаралық іс-шара өткізуге, ойын-сауық орталықтарының қызметіне бұрынғыша тыйым салынған.

Азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі.

Сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметі жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі (толтырылуы 30%-тен  аспайды). Азық-түлік гипермаркеті, супермаркет, шағын маркет, үй жанындағы дүкендер сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Түркістан облысында оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат берілген, сыныпта 25 оқушыдан артық болмауға тиіс.




Көрілген: 777    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 08:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31