Қазақстанда қандай көліктерге қосымша салық енгізілмек

03 ақпан 2022, 16:42

Қазақстанның қаржы министрлігі сән-салтанатты люкстер үшін салынатын салықтар енгізу туралы жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі, Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қазақстандықтардың қандай мүліктеріне жоғары салық салынуы керек екені талқыланып, ұсыныстар тасталды. 

“Автокөліктер арасында құны жоғары люкс модельдер Aston Martin, Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maserati және тағы басқа автомобильдердің  құнына және шығарылған жылына байланысты  жоғары салық салуды енгізу мәселесін қарау ұсынылады. Мұндай автокөліктер бойынша барлық жеңілдіктер алынып тасталуы тиіс",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар люкс дүниелердің қатарындағы яхталар, жылжымайтын мүліктер,, курорттық аймақтарда орналасқан ұшу аппараттарына ауданға байланысты мүлік салығы коэфиценттері арттырылатын болады. Оларға ауданы 300-400 шаршы метрден асатын тұрғын үйлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер жатады. 

"Бұл мүліктерге салық салуды енгізу мәселесі ұлттық экономика министрлігінің алдында пысықталатын болады", - деп толықтырды баспасөз қызметі.