Ел жаңалықтары

Қазақстанда қанша адам теріс діни ағымның жетегінде жүргені жарияланды

  • Қазақстанда қанша адам теріс діни ағымның жетегінде жүргені жарияланды

    Қазақстанда қанша адам теріс діни ағымның жетегінде жүргені жарияланды

Терроризмге қарсы орталық жат діни ағымның жетігінде жүргендер Қазақстанның қай өңірінде көп тұратынын жариялады


Қазақстанда 20 мыңнан астам деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген адам тұрады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық басшысының орынбасары Сергей Швейкин мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оның айтуынша, дүниеге көзқарасы қалыптаспаған, діни сауатсыз жастар радикалды насихаттың құрбаны болып жатыр.


"2008 жылы біздің азаматтарымыз Ауғанстандағы Әл-Каида ұйымымен байланысы бар топтарға қосылмақшы болғаны анықталды. Ал 2013 жылдан Қазақстаннан Сирияға және Иракқа баратын туристер көбейді. Өткен кезеңде шетелге 800 қазақстандық азамат шықты. Оның ішінде ересек адамдар да бар. Көптеген азаматымыз сол жерде қаза тапты", - деді ол Қазақстан дінтанушыларының ХІ форумында.

Ол шетелде жүргендердің бір бөлігін ұстап, елге қайтаруға мүмкіндік туғанын атап өтті. Қазақстандықтар негізінен ДАИШ, Әл-Каида, Мұсылман джихады ұйымы* және тағы басқа халықаралық террористік ұйымдардың қатарында жүр.


"Біздің есебіміз бойынша, Қазақстанда деструктивті діни ағымдардың жетегінде 20 мыңнан астам адам жүр. Олардың басым бөлігі Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматыда қалаларында тұрады", - деді Ұлттық қауіпсіз комитетінің полковнигі.


Сонымен қатар ол елдегі діни ахуалды сауықтыру үшін бұл өңірлерде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, елімізде жыл сайын 500-ден астам азамат деструктивті ағымнан бас тартып, дәстүрлі дінге қайта оралады екен.


*Қазақстан, Ресей және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйымдар




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 15:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30