Қазақстанда қант бағасы көтеріле ме?

17 мамыр 2022, 16:24

Ауыл шаруашылығы министрлігі қант бағасының күрт өсуі күтілмейтiнiн жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy LS агенттігіне сілтеме жасап. 

 
Үкімет аясында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев нарықтағы жағдай туралы айтты.

"Қазір әлем бойынша қант бағасының өсуі байқалады, ал біздің елде ол тұрақты. Кейбір өңірлерде бір килограмм үшін қант бағасы 400 теңгеден бастап 500 теңгеге дейін барады. Бұл импортқа байланысты. Құрақ қантының құны дайын қант сияқты биржада анықталады, сондықтан бәрі биржалық бағаларға байланысты",- деп жауап берді ол.
Министр елімізде бүгінде шикізатпен толық қамтамасыз етілген төрт қант өңдеу зауыты бар екенін еске салды.

"Біз мамыр айында шамамен 32-35 мың тонна, маусымда  40-45 мың тонна өндіріс көлемін күтеміз. Өндірілген қант ішкі тұтынуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сондықтан біз қант бағасының күрт өсуі болмауы тиіс", - деді ол.
Сонымен қатар, журналистер кейбір дүкендерде бір килограмм қант үшін бағаның 500-600 теңгеден асып тұрғанын айтты.

"Бұл бөлшек сауда желілеріне байланысты, мәселе олардың қаншалықты қымбаттатып отыруында. Жалпы, қанттың бағасы тұрақты болады, ол шикізат құнына байланысты. Қазақстанда өндірілетін қанттың шамамен 70%-ы қамыстан өндіріледі. Біз қазір қант саласын дамыту бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Жыл соңына дейін бағаның күрт өсуі болмайды деп ойлаймын", - деп атап өтті Қарашөкеев.
Сондай-ақ, министрге болашақта қант бағасының төмендеуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды.

"Бұл әлемдік үрдістерге байланысты болмақ. Егер қамыс қантының бағасы төмендесе, бағаның да сәйкесiнше төмендеуі мүмкін. Қазіргі уақытта бағалар тұрақты", - деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, Қазақстан қант экспортына тыйым салды. Бұл тыйымды енгізу туралы ұсыныс наурыз айының соңында айтылған еді. Сонымен қатар, алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығы  қант жетіспеушілігінен 15 мыңнан астам жұмысшы табыс көзінен айрылуы мүмкін деп ескерттi.