Қазақстанда қарапайым тұрғындарға қандай әскери киімдерді киюге тыйым салынады?

25 қараша 2020, 21:36

Әскери полиция басқармасы басшысының әскери қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Рүстем Жанбыровтың айтуынша, әскери полиция және аумақтық құқық қорғау органдары халыққа әскери киім киюдің тәртібін түсіндіреді.

 
«Қазір азаматтық тұрғындар әскери камуфляжды киімдерді жиі киеді. Заңға сәйкес, оған әскери адамдарға ешқандай қатысы жоқ адамдардың әскери форманы киюге тыйым салынады», - деді Рүстем Жанбыров.

Ол әскери қызметке ешқандай қатысы жоқ қазақстандықтарға камуфляждық формадағы айырым белгілерін: шеврондар, погондар, Қарулы күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға тиесілі екенін көрсететін басқа да белгілерді алып тастау керек екенін түсіндірді.

Айырым белгілері жоқ әскери формаларды киюге тыйым салынбайды. Ондай костюмдер әскери киім санатына жатпайды.