Ел жаңалықтары

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге сұраныс артты

  • Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге сұраныс артты

    Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге сұраныс артты

Өткен жылмен салыстырғанда онлайн жұмыс істеуге ұсыныстар саны да 44%-ке көп

Соңғы жарты жылда Қазақстанда қашықтан жұмыс істегісі келетіндердің саны 4,5 есе артқан. Сұранысқа сай осы бағытта ұсыныс та жоғары. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2020 жылға қарағанда биылғы бірінші жарты жылдықта қашықтан жұмыс істеу форматындағы ұсыныстар саны 44%-ке көп. Бұл туралы «HeadHunter Казахстан» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

 
Биыл шілдеде Ұлттық статистика бюросы қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер санын статистикалық есептерге жаңа индикатор ретінде енгізді. Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл санат жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының шамамен 1% құрайды. Хабарландыру сайтындағы көптеген мамандықтар цифрлық сауаттылықтың болуын талап етеді. Ондағы ең жиі кездесетін бос жұмыс орындары – телефонмен сауалнама жүргізетін оператор, дизайнер, репетитор, SMM маманы және сауда менеджері. Ал Tik Tok роликтерін қарайтын маман, футбол сарапшысы, фитнес брендтің амбассадоры сынды вакансиялар көп емес. Жұмыс берушілер 75 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін, кей хабарландыруларда тіпті 1 млн теңгеге дейін жалақы ұсынады.

Жалпы Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы 129 жойылып бара жатқан, 95 трансформацияланатын және 239 мүлдем жаңа мамандық анықтады. Олардың көпшілігі қоғамда жаңа қажеттіліктерінің пайда болуымен байланысты. Көп жағдайда болашақтағы қызметтер бірден бірнеше саладағы білімді қажет етеді. Екі саланың түйіскен жерінде жұмыс істеуге дайын мамандар сұранысқа ие болады. Әсіресе, жұмыс істеп жүрген саланың цифрлық әлеуетін ескеріп, жаңа технологияларды қазірден бастап меңгерген жөн. Атлас авторларының айтуынша, қазақстандықтарға IT дағдылары туралы ойлану керек. Тіпті ауыл шаруашылығында да жем немесе су көлемін есептей алатын цифрлық жүйелер пайдаланылатын болады, ал егістіктерде автономды роботтар жұмыс істейді, оларға қызмет көрсету үшін ауыл шаруашылығын да, робототехниканы да білетін мамандар қажет болады.




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 10:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31