Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда кедендік төлемдер мен салықтардан түскен қаржы 1,5 есеге өскен

25 желтоқсан 2022, 17:45

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік төлемдер мен салықтардан түскен қаржы 1,5 есе өскенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 23 желтоқсанға 3,3 триллион теңгеден аса төлем жиналған.

"2022 жылғы 23 желтоқсанға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен кедендік төлемдер мен салықтар көлемі 3,3 триллион теңгеге жетті, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 54 пайыз артық (2,2 триллион теңге), оның ішінде былтырғы кезеңге қарағанда 80 пайыз (766 миллиард теңге) өсіп, 1,4 триллион теңге импортқа ҚҚС түсті", - делінген хабарламада.
Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылғы 10 айда 87,6 миллиард АҚШ доллары болды (былтыр 61 млрд АҚШ доллары). Оның ішінде импорт 24,2 миллиард АҚШ долларына дейін өсті (былтыр 18,3 миллиард АҚШ доллары), ал экспорт 63,4 миллиард АҚШ долларға дейін өсті (өткен жылы 42,8 миллиард АҚШ доллары).

Ведомство мәліметінше, биыл Қазақстан Республикасының барлық сауда әріптестері арасында тауар айналымы бойынша бірінші орынды (22,8 пайыз, 17,8 миллард АҚШ доллары) алатын Қытай Халық Республикасымен шекарадағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударды.

2022 жылдың басынан бастап Түркиядан әкелінетін тауарлар үшін кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі - 126,9 миллиард теңге.