Қазақстанда келесі жылдан бастап темекі қымбаттайды

05 тамыз 2022, 17:52

2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелері кезең-кезеңімен өсетін болады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінде айтты, деп хабарлайды LS агенттігі. 

Келесі жылдан бастап фильтрлі сигареттерге акциз 1 мың дана үшін 14,1 мың теңге, 2024 - 2025 жылдары - 15,9 мың теңгені құрайды. Сигариллалар бойынша мөлшерлемелер сигареттер бойынша деңгейге теңестірілді, деп түсіндірді комитетте. 

Осы уақытта қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциз өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, темекі бойынша ставкалардың 70% - ын құрайтын болады. 2023 жылы бұл 1 мың дана үшін 9870 теңге, 2024-2025 жылдары 11 130 теңгеге шағады. 

Сонымен қатар, электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотин бар сұйықтыққа мөлшерлеме жоғарылайды. 2023 жылы 1 миллилитр сұйықтық үшін 53 теңгені құраса, 2024 және 2025 жылдары 55 теңге болмақ.