Қазақстанда кезекші ХҚО-лар жұмысын қайта бастады

11 сәуір 2022, 16:30

Елдегі  шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

6 сәуірден бастап облыс орталықтарындағы бөлімшелердің бірі 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дс-жм аралығында 9:00-ден 18: 00-ге дейін жалғастырады.

 

Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары.

 

Қосымша ақпарат үшін:

«Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Түркістан облысы бойынша филиалының
ресми өкілі Амантай Егембердиев