Ел жаңалықтары

Қазақстанда көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны басталды

  • Қазақстанда көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны басталды

    Қазақстанда көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны басталды

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды, деп хабарланды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

 
Көктемде 18-27 жас аралығындағы 13 500-ден астам мерзімді қызметтегі әскери қызметші ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Министрлік әскерге шақыруды осы жылдың бірінші шілдесінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Биыл 5 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жарлыққа қол қойды.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты алдын алу шаралары қабылданды. Осы ретте әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде ПТР-талдама алынады. Жаңа шақырылушыларға екпе жүргізу қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады.

«Биыл әскерге шақыру барысында азаматтарды хабардар етудің жаңа тәсілі қолданылады. Пандемия жағдайында қарым-қатынасты азайту үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі пилоттық режимде SMS-хабарламалар жібереді», - делінген хабарламада.
Барлық әскерге шақыру жұмысы кеңес беру мүмкіндіктерін жеткізу арқылы барынша ашық түрде ұйымдастырылды. Осы мақсатта жергілікті әскери басқару органдары әлеуметтік желілерде пошта жәшіктері мен ресми аккаунттар құрды.

Әскери қызметке шақыру тәртібі жөнінде білу үшін қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.




Көрілген: 277    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30