Қазақстанда көлік құны неге қымбаттап барады? Вице-премьер түсіндірді

13 мамыр 2022, 14:35

Автокөліктер бүкіл әлем бойынша қымбаттап барады, бағаның шарықтауы Қазақстанды да айналып өте алмайды. Елдегі көлік бағасының қымбаттауын вице-премьер Роман Скляр осылай деп түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
"Автокөліктің қымбаттауы бойынша әлемдік трендтер бізге белгілі. Танымал корей маркалы автокөлігі бізде қымбаттаса, демек оның құны бүкіл әлемде өскенін көруге болады. Металл, тасымалдау, логистика, бәрі қымбаттады. Бұл біз айналып өте алмайтын объективті трендтер", - деді Роман Скляр машина құрушылардың халықаралық форумында.

Оның сөзінше, автодилерлер заң аясында өз қызметтерін атқаруда. 

"Бұл да бизнес. Шетелден көлік алып, заң аясында сатуға олардың құқықтары бар. Бірақ автокөлік салондарында қосымша қызмет түрін ұсынатындармен тиісті мемлекеттік органдар жұмыс істеуі керек", - деп атап өтті вице-премьер.

Айта кетейік, бұған дейін Роман Скляр жеңілдетілген автонесиелеуге 16 мамырдан бастап өтінім қабылдау басталатынын хабарлады.