Ел жаңалықтары

Қазақстанда корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін

  • Қазақстанда корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін

    Қазақстанда корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жедел жәрдем шақыру жиілігінің артуына байланысты корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Халықты тестпен барынша қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем бригадалары шақырылған жерге барып, тест алады. Әр өңірде COVID-2019 бойынша халықты тестпен қамту үшін эпидемиологиялық ахуалға байланысты талаптарды айқындау көзделіп отыр», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта халық тарапынан жедел жәрдем қызметіне арыз-шағым көбейіп кеткен.

«Жалпы Қазақстанда жедел жәрдем шақыру жиілігі 1,8 есе артып кетті. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіпті 2-2,5 жарым есе көбейген. Бригадалар мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеу мәселесі өте өзекті болып тұр. Бүгінге дейін отандық өндірістегі 807 автокөлікті сатып алу туралы келісімге қол жетті. Сонымен бірге медициналық емес ұйымдардың көлігінің көмегімен корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ұсыныстар ведомтствоаралық комиссияның қарауына берілді. Қолдауға ие болар деген үміттемін», - деді ол.

 

 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 12:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31