Ел жаңалықтары

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны күрт өсті

  • Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны күрт өсті

    Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны күрт өсті

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында өткен тәулікте 84 адамның коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарлады. 

25 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 6631 адам тіркелген. Одан бөлек, тағы 2757 адам ауруынан айыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте 74 адам коронавирустың құрбаны болған.

Қазір 78 917 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1438 адамның жағдайы ауыр, 284 пациенттің жағдайы өте ауыр, 182 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, өткен тәулікте 212 адамға пневмония диагнозы қойылып, 10 науқас көз жұмды. Тағы 90 пациент емделіп шыққан.

Еске сала кетсек, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жарияланды.

Оған сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар,Солтүстік Қазақстан Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Ал "сары" аймақта Алматы облысы ғана тұр. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 18:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30