Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 35 адам қайтыс болды

13 қазан 2021, 10:34

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 қазандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан 29, пневмониядан 6 адам көз жұмды. 

13 қазандағы мәлімет бойынша, 53 330 адам коронавирус инфекциясынан (–46 385 + және 6 945 КВИ-) емделіп жатыр:

  • 9 285 пациент стационарда,
  • 44 045 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 693 адамның жағдайы ауыр,
  • 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 118 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.