Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 47 адам қайтыс болды

30 қыркүйек 2021, 09:45

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 47 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

28 қыркүйектегі дерек бойынша, елімізде коронавирустан 36, пневмониядан 11 адам көз жұмған. 

30 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 61 356 адам коронавирус инфекциясынан (–52 916 + және 8 440 КВИ-) емделіп жатыр:

  • 10 343 пациент стационарда,
  • 51 013 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 805 адамның жағдайы ауыр,
  • 212 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 135 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.