Ел жаңалықтары

Қазақстанда коронавирус таратқандар жауапқа тартылады

  • Қазақстанда коронавирус таратқандар жауапқа тартылады

    Қазақстанда коронавирус таратқандар жауапқа тартылады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елге коронавируспен оралып, карантиннен жасырынатын адамдарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

«Әрине, кейбір жағдайда азаматтар тығылып, қайдан келгендерін жасырады. Өкінішке қарай, біздің жауапсыз азаматтарымыз бар. Біз бұл проблеманы шешу үшін техникалық мәселелерін қарастырып жатырмыз», - деді Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің арнайы жарлығы туралы айтты.

«Карантиннен бас тартқан немесе қашып жүрген азаматтарға айтқым келеді: бұл жерде әкімшілік жауапкершілік бар. Егер ол ауырып, басқа азаматтарға жұқтырса, заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертті министр.

Еске салайық, 1А санатындағы елдер - Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италиядан келген азаматтар 14 күн бойы міндетті карантинге жатады. 1В санатындағы елдер - Франция, Германия және Испаниядан келгендер үйінде 14 күнге оқшаулануы керек. 




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30