Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

10 қазан 2021, 10:14

10 қазандағы мәлімет бойынша 53 581 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, 127 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған
Республикада бір тәулікте коронавирустан 41 адам, пневмониядан 10 науқас қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда өткен тәулікте 1863 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 292
Алматы қаласы - 344
Шымкент қаласы - 53
Ақмола облысы - 98
Ақтөбе облысы - 60
Алматы облысы - 149
Атырау облысы - 46
Шығыс Қазақстан облысы - 101
Жамбыл облысы - 19
Батыс Қазақстан облысы - 67
Қарағанды облысы - 154
Қостанай облысы - 97
Қызылорда облысы - 35
Маңғыстау облысы - 14
Павлодар облысы - 159
Солтүстік Қазақстан облысы - 146
Түркістан облысы - 29
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 903 924.

10 қазандағы мәлімет бойынша, 53 581 адам коронавирус инфекциясынан (46 382 КВИ+ және 7 199 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 384 пациент стационарда, 44 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

674 адамның жағдайы ауыр,
201 адамның жағдайы өте ауыр,
127 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

sputnik.kz