Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны күрт өсті
Тәулік ішінде коронавирустың салдарынан 11 қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі адам пневмониядан қайтыс болды.
 
22 қаңтардағы жағдай бойынша 25 469 адам коронавирустан емдеуді жалғастыруда, оның 6 791-і стационарда, 18 678 науқас амбулаториялық деңгейде.
&bull ауыр жағдайда - 291 науқас,
&bull өте ауыр дәрежеде - 50 науқас;
&bull желдеткіште - 39 науқас жатыр.