Ел жаңалықтары

Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім артып барады - министр

  • Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім артып барады - министр

    Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім артып барады - министр

Коронавирус инфекциясынан өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаларында және Алматы облысында тіркелген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, сәуір айының ішінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуал күрделене түскен.

«Науқастану көрсетішінің артуымен қатар өлім-жітім жағдайларының да жиілеп кеткені байқалады. Ақпаннан бастап елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,4 есеге артты. Бұған қоса, өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаларында және Алматы облысында тіркелген», - деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, елімізде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты тәуліктік тестілеу саны 48 мыңға дейін жеткізілген. Бұл еліміздің жалпы тәуліктік қуатының 41 пайызын құрайды. Сонымен қатар Алексей Цой орын алған ахуалға байланысты барлық өңірлер қосымша шектеу іс-шараларын қабылдап жатыр.

«Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты өңір әкімдері ахуалға тұрақты мониторингті, жедел әрекет етуді және алдын алу әрі эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз етуі қажет», - деді ол.




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 10:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31