Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны күрт өсті: Министрлік түсіндіріп берді

19 тамыз 2020, 11:40

18 тамызда тәуліктік коронавирустық пневмония жағдайларының күрт өсуін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық пневмониямен ауыратын мыңнан астам науқас анықталды. Егер 17 тамызда дәрігерлер пневмония диагнозын тек 67 қазақстандыққа қойған болса, 18 тамызда олардың саны 1081 болды.

 

 "Коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарға арналған көрсеткіштерде күрт өзгерістер болуы қалыпты. Аптаның басында мұндай секірулер болуы мүмкін. Дәстүр бойынша, көптеген азаматтар ауру белгілері бар болса да, медициналық ұйымдарға баруды кейінге қалдырады. Сонымен қатар, емханалар сенбі-жексенбіде жабылады. Сондықтан көпшілік дүйсенбі-сейсенбіде келеді", - деп түсіндірді Бағдат Кожахметов.

Оның айтуынша, күнді емес, апта бойынша салыстырған дұрыс. Қожахметов күрт өзгерісті карантиндік шектеулерді жеңілдетумен байланыстыруға асықпауды өтінді.

"1 тамыздан бастап екі толық апта өтті, біз аурудың төмендегенін көреміз. 17 тамызда карантин шаралары жұмсартылды, бірақ карантиннің өзі жалғасуда. Келесі аптаның басында біз нәтижелерін байқайтын боламыз", - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі жаңа жұқтырғандардың саны азайғанын мәлімдеген болатын.