Ел жаңалықтары

Қазақстанда мал қай жерде жиі ұрланады

  • Қазақстанда мал қай жерде жиі ұрланады

    Қазақстанда мал қай жерде жиі ұрланады

Жалпы жыл басынан бері мал ұрлығы үшін 350 адам ұсталып, тұтқындалды. Оның 270-сіне қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды
Қазақстанда мал жайылымда жиі ұрланады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Айтуынша, 16-21 қараша аралығында мал ұрлығының алдын алу мақсатында кезекті республикалық іс-шара өтті. Нәтижесінде 251 мал ұрлығы ашылып, қылмысқа қатысы бар 229 адам ұсталды. Сонымен қатар, 6 мыңға жуық автокөлік тексеріліп, малды тасымалдау және сату бойынша 510 құқықбұзушылық анықталды.

"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қылмыстардың 60%-тен астамы жайылымда жасалады. Апталап, айлап қараусыз жүрген малдар жайылымнан жиі ұрланады", - деді Таев мал ұрлығына арналған онлайн брифингте.
Осыған байланысты министрліктің бастамасымен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға малды жаю ережелерін әзірлеу және бекіту құзыреті берілген.

Мал жаю ережесін бұзғандар Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл үшін 3 АЕК-тен (8 334 теңге) 10 АЕК-ке дейін (27 780 теңге)  айыппұл көзделген.

Таев ережеге сәйкес, енді малды жайылымда қараусыз қалдыруға тыйым салынатынын атап өтті.

Сонымен қатар, айтуынша, 17 қарашада ұрлықтың алдын алуға және ашуға бағытталған, 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғаудың ведомстволық бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама аясында азаматтардың мүлкін, соның ішінде малды сақтандыру бойынша халықаралық тәжірибе пысықталады. 

Жалпы жыл басынан бері мал ұрлығы үшін 350 адам ұсталып, тұтқындалды. Оның 270-сіне қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
 
 




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31