Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді

24 маусым 2023, 18:34

Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«23 маусымнан бастап 60 мың бас торпақ мөлшерінде тірі ірі қара малды, 120 мың бас еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізіледі», - делінген хабарламада.
Құжатта торпақтар мен қошқарларды ветеринариялық сертификат болған кезде ғана Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етілетіні аталып өткен.

Сонымен қатар 30 маусымнан бастап ірі қара малды және ұсақ малды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.