Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда мемлекетаралық үш пойыздың қозғалысы қайта жанданады

31 мамыр 2022, 14:23

Маусым айынан бастап Қырғызстанның үш мемлекетаралық пойызының Қазақстан аумағы арқылы Ресейге қатынауы қайта басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
- №17/18 «Бішкек-Самара» пойызы Бішкектен 8 маусымнан бастап, Самарадан 10 маусымнан бастап аптасына 2 реттен қатынайды;

- №305/306 «Бішкек - Шу/Қазан» пойызы Бішкектен 6 маусымнан бастап, Қазаннан –9 маусымнан бастап аптасына 1 реттен қатынайды. №113/114 пойызы «Алматы-Қазан» пойызының құрамымен Шу станциясына да қатынайды;

- №385/386 «Бішкек – Новосибирск» пойызы Бішкектен 9 маусымнан бастап, Новосибирскіден 11 маусымнан бастап 8 күнде 1 рет қатынайды.
 Қазақстан аумағы бойынша жоғарыда көрсетілген пойыздарға жолаушыларды отырғызу/түсіру жүзеге асырылады.

Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады. Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша алуға болады.